Accessibility links

Кофи Аннан Кения жетекшілерін келіссөзге шақырды


Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан Кенияға келіп жетті, президент сайлауынан кейін шыққан бүлікті тоқтатуға күш салып жатыр. Кения президенті Мвай Кибаки 27 желтоқсанда өткен сайлаудың нәтижесінде билік басында одан ары қалды. Оппозиция сайлау бұрмаланды дейді. Саяси дағдарыс қақтығыстарға ұласты, кемінде 650 адам қаза тапты, кемінде 250 мың адам босып кетті. Кофи Аннан Кения президенті Мвай Кибаки мен оппозиция басшысы Райла Одингаға қайырылып, келіссөзге шақырды. Оларға мұның алдында да халықаралық деңгейде сөз салынған, алайда араағайыншылар нәтижеге қол жеткізе алмаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG