Accessibility links

Косово премьер-министрі Брюссельге келді


Косово премьер-министрі Хашим Тачидің мәлімдеуінше, Сербияның бұл даулы аймағы өз тәуелсіздігін АҚШ және Еуропа Одағымен ақылдаса отырып жариялайтын болады. Бүгін Брюссельге сапармен келген Тачи Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Хавиер Солана, НАТО бас-хатшысы Яап де Хооп Схеффер және Голландиялық дипломат Питер Феспен кездеспекші. Косовоның албан басшылары алдағы апталарда осы аймақтың тәуелсіздігін жарияламақшы.
XS
SM
MD
LG