Accessibility links

Газа мен Мысыр шекарасындағы жағдайға Израиль алаңдаушылық танытты


Соғысушылар Газамен арадағы шекарада қабырғаны жарып жіберген соң, мыңға жуық палестиналық азамат Мысырға өтіп кетті. Хабарларға қарағанда, палестиналықтар шекарадан өткенде Мысырдың шекара күзетшілері оларға тиіспеген. Өткен аптада Израиль Хамас басқаруындағы Газада блокада жасаған болатын. Кеше Израиль ол блокаданы жеңілдетіп, Газаға шектеулі отын мен басқа да көмектің тасымалдануына рұқсат берді. Газа мен Мысыр арасындағы шекарада болған жағдайға байланысты Израиль өзінің алаңдап отырғанын жеткізді. Израиль сыртқы істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Арие Мекель “Азаттық” радиосына берген сұхбатында, ол жердегі тәртіпті орнатуға Мысыр жауапты деп мәлімдеді.

“Израиль ол аймақта жоқ, Газа мен Мысыр арасындағы шекарада мысырлықтар орналасқан. Сондықтан бұл шекарадағы тәртіпке Мысыр жауапты болуға тиіс. Біз бұл проблеманы мысырлықтар шешеді деп күтіп отырмыз”, - деді Израиль сыртқы істер министрлігінің баспасөз-хатшысы.
XS
SM
MD
LG