Британияның бұрынғы бас министрі Тонни Блейер мен қазіргі бас министрі Гордон Браунға "Әл Қаида" тарапынан жанкештілік шабуыл жасалады деп қорқыту айтылды. "Әл Қаидамен" сыбайлас интернет-сайттың оқушысы Британия Ирақтан және Ауғанстаннан әскерін әкетсін, әйтпесе осы екі адамға шабуылдар жасалынады деп жазды. "Омар Раби Әл-Қалайла" деген азамат ескертуін ағылшын тілінде жазған. Мұны Америка Құрама Штаттарында орналасқан баспасөзді зерттеу ұйымы хабарлады. "Омар Раби Әл-Қалайла" деген азамат Британияда "Әл Қаида" бөлімшесінің пайда болғанын 2 қаңтар күні жазған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV