Accessibility links

Мосылда жасалған жанкештілік шабуылда қаза тапқан адамдардың саны 34-ке жетті


Ирақтың Мосыл қаласында сәрсенбі күні жасалған жанкештілік шабуылда қаза тапқан адамдардың саны 34-ке жетті. Кемінде 170 адамның жарақат алғаны анықталды. Жарылыстан үш қабатты үй құлап, жақын маңдағы үйлер қираған. Оқиға жерінде кеше тағы да жанкештілік шабуыл жасалды. Сәрсенбі күнгі жарылыстың салдарын тергеп жүрген Мосыл полициясының бастығы қаза тапты, онымен бірге кемінде бір полиция қызметкері өлтірілді. Олармен қоса бір полиция қызметкері және бір америкалық сарбаз жарақат алды.
XS
SM
MD
LG