Румыния полициясы өткен жылы қылмыстық топтың Британияға әкетіп, ұрлыққа үйреткен 120 румындық баланың аты жөнін анықтадық деп отыр. Полицияның мәлімдемесінде, Британия мен Румыния үкіметтері бірігіп жүргізген бақылау операциясы барысында 400 адам тергеуге алынып, 150 күдікті қамауға алынғаны айтылған. Бұл туралы 25 румыния азаматы бала саудасы бойынша күдіктеліп қамауға алынған соң айтылып отыр.