Ирақ премьер министрі Нури әл Мәлики қауіпсіздік күштері әл Қаидаға қарсы ақырғы шешуші соққысын бастады деп мәлімдеді. Бұл туралы Мәлики жұма күні ирақтық күштер солтүстіктегі сүннит мұсылмандары жауынгерлерінің қол астындағы Мосул қаласына қарай бет алғанда айтты. Ирақ үкіметі Мосул қаласында сәрсенбі күні орын алған бірнеше жарылысқа әл Қаиданы айыптап отыр. Ол жарылыстардан кемінде 35 адам қаза тауып, 200-дей кісі жарақат алған.