Accessibility links

Флорида штатындағы алдын-ала сайлауда сенатор Маккейн жеңіске жетті


Қараша айында өтетін президенттік сайлауға үміткер ретінде қатысатын республикандықтардың өкілдеріне Флорида сайлаушылары таңдау жасағанда, сенатор Джон Маккейнді қолдап берілген дауыс 36 процент, ал Масачусетстің бұрынғы губернаторы Митт Ромниге берілген дауыс жиынтығы 31 процент болған. Кандидаттар тізімінде Нью-Йорк қаласының бұрынғы мэрі Руди Джулиани үшінші орында қалған. Флоридадағы алдын ала дауыс берулерде жеңіп шыққан кандидат Республикандықтар сьезінде штаттың 57 делегатының қолдауына ие болады.
XS
SM
MD
LG