Accessibility links

Ресейде түрмеде отырған М.Ходорковский аштық акциясын бастады


Ресейде түрмеде сот жазасын өтеп жатқан мұнай алпауыты Михаил Ходорковский өзінің бұрынғы серіктесінің абақтыда нашар қаралып жатқандығына наразылық танытып, аштық акциясын бастады. Ходорковский СПИД дертімен ауыратын Василий Алексанянға Мәскеу абақтысында жеткілікті дәрежеде медициналық көмек көрсетілмей жатыр деп Ресей прокурорына шағымданып отыр. Алексанян Ходорковский басқарған “Юкос” мұнай компаниясының вице-президенті болған. 2005 жылы Ходорковский алаяқтық жасады, салық төлеуден бас тартты деген айыппен сот үкімімен түрмеге жабылған болатын. Ал Кремль сыншылары Ходорковскийдің сотталуының саяси астары бар дейді.
XS
SM
MD
LG