Accessibility links

Флоридадағы алдын-ала сайлауда МакКейн жеңіске жетті


Флорида штатындағы алдын-ала сайлауда Республикашылар партиясынан Аризона сенаторы Джон МакКейн жеңіске жетті. Қараша айында өтетін президенттік сайлауға кандидаттарды іріктеу үдерісінің қорытындысы бойынша МакКейнді сайлаушылардың 36 пайызы қолдап дауыс берген. Бұрынғы Массачусетс губернаторы Митт Ромни 31 пайыз дауысқа қол жеткізіп, екінші орынды иеленді. Ал Нью-Йорктың бұрынғы мэрі Руди Джулиани үшінші орында тұр. Флоридадағы алдын-ала дауыс берулерде жеңіп шыққан Джон МакКейн енді осы жылдың соңында өтетін Республикашылардың жиынында 57 делегаттың қолдауына ие болады.
XS
SM
MD
LG