Accessibility links

Дания премьер-министрінің айтуынша, Сербия мен Еуроодақ қарым-қатынастары Белградқа байланысты болады


Дания премьер-министрі Андерс Фог Расмуссеннің мәлімдеуінше, Еуропа Одағы Сербияға өз қолын созып отыр. Енді екі арадағы қарым-қатынастарды алға тарту Белградқа байланысты деді Расмуссен. Бұл туралы ол жексенбі күні Сербияда өтетін президент сайлауының алдында айтты. Расмусеннің атап көрсетуінше, Сербиядағы саяси дамулар бұл елдің Еуроодақпен интеграциясына әсер етеді. Еуропа Одағы мен Сербия арасында саяси және экономикалық даму мәселесіне қатысты келісімге 7-ші ақпанда қол қойылады деп күтілуде. Ол ұсынысты Еуроодақ сыртқы істер министрлері жасаған болатын.
XS
SM
MD
LG