Accessibility links

Сербия премьер-министрі сайлаудың екінші турында қазіргі президентке қолдау танытпайды


Воислав Коштуница өзінің коалициялық әріптесі, қазіргі президент Борис Тадичті жексенбі күні болатын президенттік сайлауда қолдамайтындығын хабарлады. Тадич үкіметтік коалицияның егер Косовоның тәуелсіздігі мойындалатын болса, Сербияны Евродақпен жасалған барлық келісімдерден бас тартуға міндеттейтін қосымша келісімін қабылдамаған болатын. Президенттік сайлаудың алғашқы турында батысшыл президент Тадич өзінің ұлтшыл бәсекелсі Томислав Николичтен сәл артта қалған еді.
XS
SM
MD
LG