Accessibility links

Хашим Тачи Косовоның тәуелсіздігін жариялауына бірнеше күн ғана қалды деді


Косово премьер-министрі алдағы жексенбіде болатын Сербиядағы президенттік сайлаудың екінші турында кімнің жеңіске жеткеніне қарамастан, Косово өз тәуелсіздігін жариялайды дегенді қайталап айтты. Хашим Тачи Приштинада журналистер алдында сөйлеген сөзінде бұл процесс өзінің жемісті нәтижесіне жеткізілуі керек деп атап көрсеткен. Жексенбі күні Сербия сайлаушылары қазіргі батысшыл президент Борис Тадич пен ұлтшыл бағытты қатты ұстанатын Томислав Николичтің екеуінің бірінің ел президенті болуына дауыс береді, олардың екеуі де Косовоның тәуелсіздігіне қарсы.
XS
SM
MD
LG