Accessibility links

Республикандықтар партиясынан президентікке кандидаттың бірі Руди Джулиани сайлау науқанынан шықты


Нью-Йоркттың бұрынғы мэрі Калифорнияда сөйлеген сөзінде Флорида штатындағы алғашқы дауыс берулерде жеңіске жеткен сенатор Джон Маккейнге қолдау танытты. Кеше сондай-ақ президенттік сайлау бәсекесінен бас тартатындығы жөнінде демократтар кандидаты, бұрынғы сенатор Джон Эдуардс та хабарлаған. Енді сайлау жарысында демократтардың екі кандидаты қалды, олар сенаторлар Хиллари Клинтон мен Барак Обама. 5 ақпандағы үлкен сейсенбіде АҚШ-тың 20 штатында алғашқы дауыс берулер болады, міне осыдан кейін екі партияның да президенттік сайлаудағы басты кандидаттары анықталуы тиіс.
XS
SM
MD
LG