Accessibility links

Қазақстан Ирақтағы әскерінің қатарын ұлғайтуы мүмкін


АСТАНА: АҚШ Қазақстаннан Ираққа қомақты әскерін жіберуді өтінеді. Бүгін Астанада АҚШ-тың қорғаныс министрінің Орта Азия істері бойынша көмекшісі Митчелл Шиверспен кездесуі барысында Қазақстан парламентінің депутаты Сәт Тоқпақбаев: “үкімет Ирақтағы тұрақтандыру операциясына Қазақстанның кеңінен атсалысуы туралы АҚШ-тың өтінішін қарап жатыр” деп атап көрсетті. “Мен мұндай шешімнің қоғамдық. пікірді ескере отырып қабылдану керектігін айтуға тиіспін” деп мәлімдеді Мәжіліс депутаты әрі бұрынғы қорғаныс министрі С.Тоқпақбаев. Қазақстанның взводы Ираққа 2003-інші жылдың тамызында орналастырылды.
XS
SM
MD
LG