Accessibility links

Түркиялықтар студент қыздардың жаулық тағуына қарсылық танытты


Анкарада мыңдаған түркиялық үкіметтің университеттерде студент қыздардың басына орамал тағуына рұхсат ету жоспарына қарсы шықты. Түркия туларын ұстап шеруге шыққан олар “бұл Түркия, Иран емес” деген ұрандар айтқан. Алдағы аптада парламент бұл мәселеге дауыс беруі керек. Үкімет бұл өзгерістер әйелдердің құқы мәселесінде қаралып отыр десе, оған қарсылар бұл қадамдар Түркия қоғамын исламдандыру бағыты деп қауіптенеді. Бүгін Түркия сыртқы істер министрі Әли Бабажан бұрынғы тыйымды алып тастау Түркияның Еуропа Одағына қосылуы үшін қойылған талаптардың бірі деген.
XS
SM
MD
LG