Ливан соты үш армия офицері мен сегіз сарбазды тұтқындауға нұсқау берді. Олар осындан бір апта бұрын Бейрутта шеру өткізген жеті шиит мұсылманының өліміне қатысты делініп отыр. Және сот заңсыз қару ұстап, көтеріліс жасаған 6 бейбіт тұрғынды қамауға тапсырма берді. Өткен жексенбіде Бейрут маңындағы елді мекендерде энергия көзінің өшірілуіне байланысты өткен оппозициялық шерушілерге Ливан әскері оқ атқан.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өкіл әкенің" тұтқындалуы
Қырғызстан мен Өзбекстан ұйымдасқан қылмыспен қалай күресіп жатыр?
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
"Махмет ешкімге бейімделмейді". Қозыбаев Құлмағамбетті неге қаралады?