Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Кисляк ұсынылған БҰҰ қарар Иранның МАГАТЭ-мен толық келісімге келуіне ашық шақырады деген. Оның Интерфакс агенттігіне айтқанындай, Иран БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі агенттігімен толық ынтымақтастық құруы қажет. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Техранның уран байытуды тоқтатпауына байланысты Иранға қатаң санкциялар салатын қарар жобасын қарастырып жатыр.