Accessibility links

Беларус елінде 3 қылмыскерге қатысты өлім жазасы іске асырылды


Беларус жоғарғы сотының хабарлауынша, ауыр қылмыстар жасады деп айыпталған үш қылмыскерге шығарылған өлім жазасы жүзеге асырылған. Сот баспасөз-хатшысы Анастасия Цимаковичтің айтуынша, Сергей Морозов пен Валерий Горбатой және Игорь Данченко Гомель қаласында “адам өлтірді, зорлады, ұрлықпен айналысты” деген айыптар бойынша айыпты деп табылған. Өлім жазасы нақты қай жерде іске асырылғандығы жарияланбады, бірақ әдетте ол ел астанасы Минскідегі түрмеде жүзеге асырылады.
XS
SM
MD
LG