Accessibility links

Гүлнар есімді алматылық студент Қазақстанның жоғары оқу орнындағы білім жөнінде пікірін айтады


- Мен журналистика факультетінің студентімін. Негізінде, қазір журналистерді даярлау мәселесіне қарайтын болсақ, жалпы Қазақстанда бұл мамандық иелерін дайындау ісі жаман жүріп жатқан жоқ деп айтуға болады. Әрине, студенттер қауымы сабақ оқып та, практикалық жағынан да үлгеруге тырысады. Мысалы, қазір өздері білім алып жатқан мамандық бойынша жұмыс істеп, тәжірибе жинақтап, қоғамда еолеулі іс атқарып жүр деп айта аламын.

Бұл дұрыс та, себебі журналист мамандығын оқып жатқан тек теория жағын ғана білумен шектелмеуі керек, мәселен 2-ші әйтпесе 3-ші курстан бастап практикалық жұмысты қоса атқара бастаса, әрмен қарай ол қоғамда өз-өзін алып кете алатын мамандық иесі боп шығады. Ал ондайға жағдай бар, мысалы, қазір жеке меншік телерадиокомпаниялар, газет-журналдар жеткілікті ғой. Міне соларда нағыз маман иесі болуға шыңдалуға болады болашақ журналистерге. Осылайша олардың арасында өздерін жақсы жағынан көрсетіп жүргендер де аз емес.

Ал білім ордасындағы оқыту жүйесіне келсек, онда қазір бакалавриат бойынша екі түрлі – 4 жылдық және 5 жылдық оқу түрлері бар. 5 жылдығында білім тек ақылы негізде берілсе, 4 жылдығы грант арқылы оқитындарға арналған. Ал, ары қарай магистратура оқығың келсе осы екеуінің қайсын бітірсең де бәрібір. Бірақ кейбір студенттер 5 жылдық білімнен кейін магистратураны таңдамай, жұмыс істеп, мамандағы бойынша еңбекке араласады.

Менің ойымша, ары қарай ғылым жолына түсетіндер білімін магистратурада жалғастырғаны дұрыс.
XS
SM
MD
LG