Accessibility links

Экономист Жеңіс Оспанов Қазақстандағы әлеуметтік- экономикалық проблемалар туралы


- Негізгі проблемалар – экономикалық проблемалар. Инфляция былтыр 18,8 пайызға көтерілді, бұл өте үлкен өсім. Алдыңғы жылы 8-ге, одан бұрынғы жылы 7 пайызға жақын болған, ал былтыр содан екі еседен астам көтерілді. Инфляцияның бұлайша өсуі халықтың күнделікті тұрмыс деңгейін төмендетеді. Президентіміз халықтың тұрмыс деңгейін жылда көтеріп отыру керек деп айтты. Әлемдегі алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына кіреміз деп жатыр. Әрине, ол жақсы. Бірақ ол ең алдымен халықтың тұрмыс деңгейіне байланысты. Егер елдің тұрмыс деңгейі көтерілсе ғана елу мемлекеттің қатарына кіре аламыз.

Сондықтан қазір мына тамақ өнімдері рыногы аса маңызды боп тұр. Астық былтыр елімізде жақсы өсті. Бірақ, бір ғана астықтан ешнәрсе өзгермейді. Ал тамақ өнімдері 1-2 пайызға ғана өсіп жатыр, ол аздық етеді. Халықтың әл-ауқаты жақсаруы үшін, әрине, ет-сүт, қант-май, көкөніс, жеміс-жидек дегендер жылда өсуі керек және олардың бағасы да елдің қалтасы көтеретіндей шамада болуы тиіс.

Ал бізде қазір азық-түліктің бағасы барған сайын қымбаттап жатыр. Мысалы, жалақы 20-30 пайызға өсті деп айтып жатыр үкімет, бірақ оның бәрін инфляция жеп қойып жатыр ғой, себебі баға да үнемі көтеріліп отыр. Былтыр нан, сұйық май, т.т. азық-түлік қымбаттады, кейбірінің бағалары 60-70 пайызға дейін өсті. Ал жалақы деңгейі болса соны сатып алуға жетер-жетпес күйде.

Бұрынғы заманда жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өнімдері жалпы алғанда 86 пайызға жететін. Ал қазір ол көрсеткіш 1,6 пайыз ғана болып қалды. Құдайға шүкір, президентіміз енді мұнайдан түскен долларды жақсылап алып жатыр, ақша көп. Ал енді сол ақшаны тиімді жұмсау керек қой. Негізі тамақтың натуралды түрін көбейту керек – ет, сүттен бастап барлығы керек. Сондықтан, жақын бір-екі жылда мемлекеттің алдында тұрған ең бірінші, басымды міндет – елде тамақ өнімдерін өндіруді көбейту болуы тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG