Accessibility links

Әсем есімді студент Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы өзі куә болған түйіткілді жайттар туралы


- Мен әлі күнге ойымнан кетпейтін бір жайт туралы айтқым келеді. Жақында менің ең жақын бір құрбым қайтыс боп кетті. Оның өмірден кеткеніне әлі күнге сенгім келмейді. Оның өліміне себепші болған біздегі «ақ халатты абзал жандар».

Құрбым кешке жақын қатты ауырып дәрігер шақырғанда келген жедел жәрдем қызметкерлері асқазаны ауырып жатқанын көре тұра, таңертеңге дейін жазылмасаң келерміз деп кетіп қалған. Құрбым түнімен қатты ауырып, таңертеңгісін есін білмей қалған – көзін ашпай есінен танып сұлқ жатып қалған. Содан оны ауруханаға апарғанымен ол беті бері қарамаған күйі қайтыс болған. Сол кезде ондағы дәрігерлер де «жас қыз ғой, аман қалатын еді, неге ертерек әкелмедіңдер» дегенді айтады.

Бірақ өздері кінәлі ғой, неге сол уақытта олар дер кезінде диагнозды анық қоймаған?! Мен соған әлі күнге дейін қатты қапаланам. Ол өмірден кетпес еді...

«Ақ халатты абзал жандар» дейміз ғой, неге олар адам жанын алып қалу үшін күреспеді? Ол қыз тірі болар еді егерде оған жедел жәрдем дұрыс көрсетілсе.

Сондан кейін құрбымның ата-анасын шақырған кезде дәрігерлердің айтқаны: «бұны ешкімге білдіртпей-ақ қояйық, айтпай-ақ қойыңдар, қалай, неден қайтыс болғанын білмей-ақ қойсын» деген сөздер болды. Сонда ата-анасы баласы үшін шыдамай бұны жайдан жай қалдырмайтындарын айтқанда, «онда комиссия шақырып, қызыңызды соямыз, тексереміз» деп айтыпты. Бірақ кім баласын союға береді?! Сөйтіп қарапайым ата-ана өлсе де сойдыруға қимай баласын, оны «жазылмайтын аурудан қайтыс болды» деген сияқты қолхат берді.

Солайша бұл жерде адамның өмірін алып қалу дәрігерлерге маңызды емес сияқты боп қалды. Сондықтан да әрбір ата-анасынан алыста оқып жүрген жастарға айтарым - олар біттей бір жері ауырса да міндетті түрде дәрігерге қаралып, ауырып жата бермесе бұндай оқиға енді қайталанбас деп ойлаймын.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG