Accessibility links

Бүгін Венада адам саудасына арналған ғаламдық форум ашылды


Австрия астанасында БҰҰ-ның адам саудасына демек, бала еңбегінің қаналуы мен адамдарды құлдыққа сату, мәжбүрлі жұмыс күшіне айналдыру сияқты өзекті мәселелерге қарсы күресті жетілдіруге арналған үш күндік халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады. БҰҰ-ның қылмыс пен есірткіге қарсы күрес кеңсесінің атқарушы директоры барлық елдерді осы ғаламдық мәселелермен күресудің жол картасын жасауға шақырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференцияға 116 елден сарапшылар мен заңгерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ адам саудасының құрбаны болғандар бар, барлығы 1200 адам қатысады.
XS
SM
MD
LG