11 ақпан күні жарық көрген баяндамада Қазақстанда баспасөз бостандығының шеңбері тарылып бара жатқандығы атап көрсетілген. «Шекарасыз репортерлер» ұйымының бұрынғы Совет елдері бойынша маманы Элза Видал бұл аймақтағы барлық елдерде баспасөз еркіндігінің жағдайы нашар дей келе, дегенмен де барлық елдегі ахуал бірдей емес дегенді айтады.