Панаманың ұйымдағы елшісі Альберто Ариас Сербиямен қатар Ресей де талап еткен соң мәселені жабық есік жағдайында талқылауды жөн көрдік дейді. Сербия үкіметі де Косово тәуелсіздік жарияласа қандай шараларға жүгінетінін бүгін қарастырмақ. Негізінен албандар тұратын Косово провинциясы Сербиядан таяу күндері біржолата бөлінбек. Сербия үкіметі бұған үзілді-кесілді қарсы.