Accessibility links

Тәжікстанда 260 мың адамға шұғыл түрде азық-түлік көмегі қажет


Біріккен Ұлттар Ұйымы Тәжікстанда қатты суықтың салдарынан гуманитарлық жағдай одан ары қиындай түсті деп алаңдайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Мишель Монтас кемінде 260 мың Тәжікстан азаматына шұғыл түрде азық-түлік көмегі қажет дейді. Соңғы ширек ғасырда болмаған суықтан Тәжікстанда электрқуаты тапшы, ауыз су жүйелеріне қатты зақым келді. ЮНИСЕФ ұйымы ауруханаларға төтенше көмек жолдап жатырмыз дейді.
XS
SM
MD
LG