Британия полициясы Грузия кәсіпкері және оппозиция саясаткері Бадри Патаркацишвилидің не себептен өлгенін тергеуді ауыр қылмыстармен айналысатын топқа тапсырды. Британияда жан сауғалап жүрген Бадри Патаркацишвили Лондон қаласындағы үйінде сейсенбі күні кешкісін өлі күйінде табылды, көмекшілері мен достары оның жүрегі тоқтап қалды дейді. Британия полициясы 52-жасар азаматтың өлімі кенеттен болғандықтан, әдетте мұндай жағдайды күдікті өлім деп қарастырамыз дейді. Бадри Патаркацишвили Грузияда былтыр қараша айында үкімет төңкерісін жасамақ болды деп айыпталды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы