Accessibility links

Рахат Әлиев әкесін шетелге емделуге жіберуді сұрайды


Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев өз әкесі академик Мұхтар Әлиевтің өміріне қауіп төнгенін айтып, оны шетелде емделуге жібермей жатыр деп президент Нұрсұлтан Назарбаевты айыптады. Рахат Әлиев әкесі жақында микроинфаркт алып, 12 ақпанда ауыр жағдайда ауруханаға түскенін айтып, оның жүрегіне операция жасалуы керек, мұндай операция тек шетелде жасалады деді кеше жариялаған үндеуінде. Рахат Әлиев әкесінің үстінен ашылған қылмыстық іс оған жабылған жала дейді. Рахат Әлиевтің өзі қаңтар айында сырттай 20 жыл түрмеге сотталған, қазір шетелде жан сауғалап жүр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG