Бүгін өткізген жылдық баспасөз-мәслихатында Ресей президенті Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Ресейдегі президент сайлауына бақылаушыларын жібермеу жөніндегі шешімін сынға алды. Владимир Путиннің мәлімдеуінше, аталған Еуропалық ұйымның мүшесі ретінде Ресей өз міндеттемелерін орындауда. Президент Путин Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сайлауды бақылау жөніндегі мекемесін Ресейге қалай жүріп тұруды “үйреткісі” келеді деп айыптады. “Олар бір елге 16 адамын, басқасына 20 өкілін жіберсе, кей мемлекеттерге өз бақылаушыларын мүлдем жібермесе, ал біреуді тіпті үйреткісі де келеді. Одан да, өз әйелдеріне капуста сорпасын пісіруді үйретсін”, - дейді Путин. Бұған қоса, Ресей президенті Косово тәуелсіздігінің мойындалуы “заңсыз болады, әрі моральға жатпайды” ал Сербияның бұл даулы аймағына тәуелсіздік берілуін қолдауды жоспарлап отырған Еуропа елдері екіжүзді стандарттарынан “ұялуы” керек деп атап көрсетті.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сайлауды бақылау жөніндегі мекемесін Путин сынға алды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Қазақстан тәуелсіздігін жарияласын деп талап қойғандар неге қудалауға түсті?