Accessibility links

Кәрім Мәсімов міндеттемесін орындамаған компаниялармен келісімдерді бұзамыз деді


Қазақстан бас министрі Кәрім Мәсімов ел табиғи байлықтарын игеріп жатқан барлық компаниялар келісімдерді қалай орындап жатқанын биыл тексереміз, міндеттемесін орындамаған компаниялармен арада жасалған келісімдерді бұзамыз деп мәлімдеді. Кәрім Мәсімов бұл сөзін кеше үкімет отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаевқа баяндады. Кәрім Мәсімов келісім бұзған компания жергілікті болсын, не шетелдік болсын, табиғи байлықтарды игеруге оларды жолатпаймыз деді. Кәрім Мәсімов келісімдер орындалуы тексеріліп біткенге дейін ешқандай жаңа инвесторлармен келіссөз жүргізбейміз деп ескертті.
XS
SM
MD
LG