«Республика» апталығы Алматы әкімі Иманғали Тасмағанбетовтің есепті баяндамасына арналған мақаласын «Біз» деген сөзді Тасмағанбетов 166 рет айтты» деп атапты. Газет «біздің тілшілерімізге Иманғали Нұрғалиұлының президентке ұқсап баққысы келгені қатты әсер етіпті» дей келіп, «лық толы осы залдағы жиынға келген көпшіліктің біразы өз еркімен емес, басшыларының мәжбүрлеуімен келгендігі байқалады, себебі олар залда ұйықтап отырды» деп жазыпты.
«Караван» апталығы Республика алаңындағы пайда болған жарық туралы «Алматы әкімі мамандардың сараптамасын ескеріп, енді жер астын үңгіп емес, үстінен де ор қылып қазба жұмыстарын жалғастыруға болады деп рұқсат етті» деп хабарлапты.
«Алма-Ата инфо» апталығы «Алаңда жарық, басында тарақандар» деген атпен қазір шетелде бассауғалап жүрген Рахат Әлиевтің мақаласын жариялапты. Онда автор «ондаған жыл бойы метро сала алмай жатып, осы алаңдағы жер асты паркингіне, бильярд ойнайтын залдарға мұқтаж боппыз ба?» дей келіп, «бұл осы алаңға алдағы уақытта наразы халық жиналмас үшін, Мәскеу басшысы Лужковтан өнеге алған Назарбаевтың істеп отырғаны. Осы құрылыс салу арқылы келешекте осы алаңға көпшіліктің митингіге жиналуына тиым салынбақ» деген тұжырым айтыпты.
«Республика» апталығы «Міне саған, апа, Юрьев күні» деп аталатын мақаласында «қаңтар айындағы зейнетақыны көтерген соң миллиондаған зейнеткерлер өздерін алданып қалғандай сезініп отыр» деп қорытады.
«Караван» апталығы «Әмиян қаншалықты жеңілдеп қалды» деген мақаласында «бюджеттегілерге былтыр бөлінген үстемелерді инфляция жеп қойды» деп жазыпты.
«Қазақстан ZAMAN» апталығы «Құлбазар» қоғамымызға тән құбылыс па?» деген мақаласында Алматыдағы «Алтын Орда» базарының маңында жұмыс іздеп жалдануға дайын тұрған қазақ жастарының проблемалары туралы айтыпты.
Ал «Казахстанская правда» газеті «Әл-ауқат жақсарғаны ақиқат шындық» деген мақаласында былтырғы желтоқсан айында жалақы мөлшері 5,2 пайызға артқаны туралы жаза келіп, «қаржы саласындағылардың жалақысы -175300 теңге, тау-кен саласындағылардыкі – 126183 теңге, көлік және байланыс саласындағылар - 94262 теңге, құрылыс саласындағылар 83173 теңге, мұғалімдер 35770 теңге алатындығы» туралы жазыпты. Сонымен қатар мақала авторы «былтырғы желтоқсан айында Қазақстанда ең аз және ең көп жалақы арасындағы айырмашылық 6 есе болды» деп жазыпты.
«Караван» апталығы Алматы маңында құлаған әскери ұшақ апатының себептеріне арнаған «Бұл – жойғыш ұшақтар емес, бұл – металлолом» деген мақаласында «апат себебі ұшақтың двигателінің ескіргенінен болуы мүмкін, себебі бұл ұшақтар талай жыл ашық аспанда қар мен жауын астында тұрған, не жөндеу кезінде кеткен кемшілік болуы мүмкін» дей келіп, «бұл алда болуы мүмкін тізбекті ұшақ апаттарының басы болуы ықтимал» деген қортынды айтыпты.
«Республика» газеті «Үрейдің көзі бадырақ» деген мақаласында «қаржы саласына үкіметтің араласпақ ниеті банкирлерді қуантып отырған жоқ» дей келіп, «Ресейлік «СТС Медиа Инк» компаниясының Қазақстандағы 31-арна телерадиокешені үшін берген 65 миллион доллар бәрібір президенттің іс басқарушысы Болат Өтемұратов пен оның балаларына бұйыруы мүмкін» деген болжам айтыпты. Сонымен қатар осы апталық «Бұл коррекция емес, дағдарыстың өзі деуге болады» деген мақаласында «индустрия саласында қаңтар айында өнім шығару 9 пайызға төмендеген болса, өнеркәсіптік тауар өндірудің өсу қарқыны 3,5 есе төмендегені белгілі - бұны дағдарыстық ахуал емес деп қалай айтуға болады?» деп сұрапты.
«Новое поколение» апталығы «Отан түтіні» деген бас мақаласында халық арасында «отттық» аталып, былтыр өртенген Астанадағы биік ғимараттың әлі де ақаулары барлығын алға тартып, өрт сөндірушілер осы ғимаратты сот арқылы жаппақшы боп жүргені туралы жазыпты.
«Экспресс К» газеті Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың президентке берген есебі жайлы «Есеп берілді. Есеп қабылданды» деген мақаласында президенттің «орта және шағын бизнесті тексеруге мораторий жариялағаны, Астананың 10 жылдық мерейтойын қымбат тойға айналдырмау керек» деп нұсқау бергені туралы айтыпты.
«Central Asia Monitor» апталығы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Қан мен терге» төгілген арам тер» деген мақалаға жауап ретінде, «Әбдіжәміл Нұрпейісовтың қаны мен терінің анализі кімге керек?» деген араша мақала жариялапты.