Сербия БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Белград Косово тәуелсіздігін ешқашан мойындамайды деді. Кеңестің төтенше отырысында сөз алған Сыртқы істер министрі Вук Еремич Сербия провинцияның бөлінуін тоқтату үшін барлық экономикалық, саяси және дипломатиялық шараларды қолданады деген. Косовоның басым халқын құрап отырған этникалық албандар алдағы күндері Сербиядан тәуелсіздік жариялайды деп күтіліп отыр.