Accessibility links

Ербол есімді Алматы тұрғыны әлемдік қаржы базарындағы дағдарыстың Қазақстандағы инфляцияға әсері жайында


- Қазіргі таңда дүниежүзіндегі ең өзекті проблема жаһандық қаржы дағдарысы боп отырғаны мәлім. Қазақстанда ол дағдарыс, статистикалық деректерге сүйенер болсақ, 15 пайыздық көрсеткішті құрап отыр. Жалпы мемлекет тарапынан да бір ауқымды және де тікелей сол проблеманы шешетін нақты ұсыныстар болса деймін. Осы қаржы дағдарысы инфляцияны күшейтіп, бағаның қымбаттатады. Сондықтан мемлекет осы бағаны тұрақтандыруға арналған көмек шаралары қажет сияқты.

Бағаны реттеумен айналысатын мемлекеттік өкілетті орган осы бағаның қамбаттауын тереңірек зерттеп, шексіз шарықтатпай, бағаны тұрақтандырса дейміз. Себебі бұл қазіргі таңда қоғамдағы ең өзекті проблемаға айналып отыр.

Ең бір күйінішті нәрсе, Қазақстан соншама көп астық жинағанын айта тұра, нан бағасы неге қымбаттап кетті деген сауал қазіргі таңда көп қазақтың көкейінде жүр. Осы орайда біздің үкімет назарды арзан бидаймен кәсіпорындарды қамтамасыз етуге бұрып, нанның бағасын өз бақылауында ұстағаны жөн болмақ.
XS
SM
MD
LG