Accessibility links

Жарқын Сәлімұлы Қазақстандағы халықтың әлеуметтік жағдайы және ұлт, мемлекет болашағы жайлы


- Қазіргі кезде қарап отырсаң, Қазақстанда ең алдымен қазақ халқының проблемалары жүз беріп жатыр. Өйткені оның барлығы біздің халықтың әлеуметтік жағдайының шешілмеуінен деп білемін.

Мысалы, жақында елбасы биылғы кезекті жолдауын жасады. Бірақ, қарап отырсам, былтырғы жолдау мен биылғының орны ауысып кеткен сияқты. Яғни, бәсекелі елу елдің қатарына кіру үшін біз ең алдымен халықтың әлеуметтік жағдайын түзеп алып сонан кейін сол қатарға қосылатынымызды айтуымыз керек еді. Алайда біз керісінше әуелі әлгі елудің қатарына кіреміз деп жар салып алып, кейін алпысқа төмен құлдырап кеткенде әлеуметтік жағдайды түзеуіміз керек деп жатырмыз.

Ал біздің елімізде ондай әлеуметтік мәселелердің жылдан жылға көбеюі қазақ ұлтының трагедиясына айналып бара жатыр. Сонымен қатар, мына қазақ тілінің мәселелері ұдайы артқа ысырыла беруі, сол секілді бүгінде айтылып жүрген «үш тұғырлы тіл» деген жаңа саясатты жеделдетіп жүзеге асыру – осының барлығы қазақ ұлтының болашағы үшін, қазақ мемлекеттігінің тұғыры болған қазақ халқының келешегі үшін үлкен мәселе ретінде мені қатты толғандырады.

Сондықтан, мен ойлаймын, әрбір қазақ жасы өзінің ұлтын, елін сүюі керек, әркім өзінен бастап жұмыс істеу керек және бұл ұранға, саясатқа айналдыратын нәрсе емес. Мені толғандыратын нәрсе осы – қазақ халқының мәселесі.
XS
SM
MD
LG