«Айқын» газеті «Сырдария тасиын деп тұр» деген мақаласында «Сырдың буырқану қаупі елдің оңтүстік өңіріне ғана емес, Төтенше жағдайлар министрлігіне де үлкен сын болайын деп тұр. Кеше тілсіз жауға қарсы дамылсыз дайындық жүргізіп жатқан аталған министрлік сақтық жұмыстарының бір парасын баян етті» дей келіп, Сыр тасыса, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қаншама елді мекен, тұрғын халық, темір жол бекеттері мен автожолдар, т.б. зардап шегетін нысандар туралы нақты статистикалық мәліметтер беріпті.
«Егемен Қазақстан» осы мәселеге арнаған мақаласын «Дарияның бойында дүрбелең басталды» деп атап, онда биыл Сыр тасқынынан ел экономикасы қанша зардап шегетінін жазса, «Айқын» газеті бүгінгі «көкейдегі сауалын» да осы Сырдария тасқынына арнап, «Дария жағасындағы ел жылда дүрбелеңге түспес үшін не істеу керек?» деп сұраған екен. Оған жауап бергендер «Сыр бойындағы үш мемлекет - Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан өзара келісіп, ортақ шешімге келуі керек» не болмаса «Шардараның ернеуін тағы биіктетіп барлық суды сонда жинау керек, сонда тасқын болмайды» деп жауап беріпті. Сонымен қатар осы газеттің «Ақсарайдағылар Көксарайдың мәселесін қашан шешеді?» деген мақаласында сенатор Қуаныш Айтаханов: «Талай жылдан бері айтылып жүрген Көксарай су қоймасы ең бастысы, жылда қайталанатын осы Сырдарияның тасу қатерінен құтқарған болар еді. Жоба 2-3 жылдың шамасында өзін-өзі ақтайды. Шардарадан су тасымайды, өзбектерге «бізден су алыңдар» деп жалынбаймыз» дей келіп, автор «бізге осы жобаның іске асырылуы кейінге қалдыра беретіні түсініксіз» депті.
«Время» газеті «Балам мені Венаға ап кеткісі келді» деген мақаласында Мұхтар Әлиев «біздің үйден табылған оқ-дәрілер мен тіркелмеген, не мерзімі ұзартылған мылтықтар баламдыкі еді, оған менің еш қатысым жоқ» дей келіп, «үйде құлап қалып, басымды соғып алып, содан басымда қан ұйығы, яғни «гематома» пайда болды, бірақ әзірге маған шұғыл арада операция жасаудың еш қажеттігі жоқ» деп жауап беріпті.
«Жас алаш» газеті «Вена прокуратурасы Қазақстанның Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң үстiнен қылмыстық iс қозғады» деген мақаласында бұл ақпарттың алғаш рет Венада жүрген Рахат Әлиевтың сайтында жарияланғанын айта келіп, Вена прокуратурасы Қазақстанның Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң үстiнен «Арандату әрекеттерiн жасағаны және адамдарды заңсыз ұстап әкеткенi үшiн» деген бап бойынша қылмыстық iс қозғады»деп жазады. Онда «қылмыстық iстi қозғауға Александр Крайновтың телефонмен сөйлескендегi сөздерi себеп болыпты. Оған Қазақстаннан «белгiсiз бiреулер» телефон соғып, қоқан-лоқы жасағаннан кейiн-ақ ол Вена қаласының полициясына өз аяғымен келiп, арыз түсiрген көрiнедi. Рас болса, Алматыда тұратын оның екi қызын Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қызметкерлерi тергеуге алып кеткелi берi iз-түссiз жоғалыпты. Крайновқа телефон шалғандар егер ол «Қазақстанға келiп, Әлиевке қарсы жұмыс iстесе, қыздарды босататынын, ал егер олай iстемесе, қыздардың ұзақ жылға түрмеге қамалатынын ескертiптi-мыс. Александр Крайнов екеуара сөздi таспаға жазып алған көрiнедi. Қылмыстық iс қозғауға осы себеп болған деседi» дей келіп, «Жас Алаш» газеті «Осының бәрі Рахат Әлиевтiң тарапынан жасалған әдеттегi арандату емес пе?» деп сұрапты.
Сонымен қатар, бірқатар басылымдар бұл оқиғаға қатысты Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаровтың «Бiзге бұл туралы ешқандай ресми мәлiмет түскен жоқ. Сондықтан сайт таратқан ақпарат негiзсiз деп есептеймiн. Қылмыстық iс қозғау үшiн халықаралық заңнамаларға сәйкес, алдымен арнайы хат жiберуi тиiс. Бiз ешқандай хат алғамыз жоқ. Бұл кейбiреулердiң жалған ақпарат тарату арқылы арандату әрекетi ғана» деп айтқандарын басыпты.
«Мегаполис» апталығы «Тарифтер бағасы» деп аталатын мақаласында президент жанындағы Кәсіпкерлер одағының төрағасы Николай Родостовецпен сұхбатын жариялапты. Ол мақалада автор тарифтер бағасына жарияланған мораторий аяқталған соң не себептен жаппай қымбаттаушылық басталатынын негіздеп бағыпты.
«Инкар.Инфо» интернет-радиосы Чернобыль апатын жоюға ат салысқан 32000 қазақстандықтан қазір тек 4900 адам ғана тірі екендігі туралы айтыпты.