Бұл - Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік ұйымы бақылаушыларының берген бағасы болатын. Орталық сайлау комиссиясының сәрсенбіде айтуынша, 19-шы ақпанда болған сайлаудағы дауыстардың барлығын есептеу қорытындысында үкімет басшысы Серж Саркисян 52,9 пайыз дауыспен жеңіске жетті. Оппозиция болса, сайлау әділетсіз өтті деп, оның мыңдаған жақтастары Ереванда шеру өткізді.