Accessibility links

ОБСЕ төрағасы Оңтүстік Кавказға барады


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Финляндия сыртқы істер министрі Илкка Канерва алдағы аптада Армения мен Грузия және Әзірбайжанға барады. Сапар барысында Канерва үш ел басшыларымен және оппозициялық партиялардың өкілдерімен кездесіп, сайлау мәселелерін талқыламақшы. Аталған ұйым сейсенбі күні Армениядағы презилент сайлауын бақылаған болатын. Грузияда мамыр айында парламенттік сайлаулар өтсе, ал Әзірбайжан халқы қазан айында жаңа президентті сайлайтын болады.
XS
SM
MD
LG