Accessibility links

Қоғам қайраткерлері Қазақстан билігін академик М.Әлиевтің шетелге шығып емделуіне мүмкіндік беруге шақырды


Бейсенбі күні қазақстандық бір топ қоғам қайраткерлері Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің әкесі академик Мұхтар Әлиевтің мәселесіне қатысты Қазақстан президенті мен парламент төрағаларына үндеу жасады. Олар Қазақстанның денсаулық саласын өркендету ісіне үлесін қосқан, қазір ауруханада жатқан Мұхтар Әлиевтің шетелге барып емделуіне мүмкіндік туғызуды сұраған. Ал Қазақстан ішкі істер министрлігінің айтуынша, Мұхтар Әлиев заңсыз қару-жарақ ұстады деген күдік бойынша қылмыстық іс қозғалуына байланысты елден шықпау жөнінде қолхат берген.
XS
SM
MD
LG