Құрама Штаттар Ирақтың ықпалды шиит жеткшісі Моқтада әл Садрдың Мехди армиясы өзінің атысты тоқтату шешімін тағы жарты жылға ұзартқанын оң қабылдады. Әл Садрдың өкілі бұл соғысты тоқтату тағы алты айға созылатыны туралы шешімді мешіттегі жұма күнгі намазда айтты. АҚШ пен Ирақ ресмилері бұл бітімгершілік келісімі Құрама Штаттар мен Ирақ күштеріне қарсы шабуылдардың санын және жікшілдік қақтығыстарды азайтуға көмектесті деген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?