Accessibility links

Райс Белградтағы елшіліктерге шабуыл үшін жауапты Сербия үкіметі деп отыр


Құрама Штаттар Сербия үкіметін Белградтағы АҚШ елшілігіне жасалған шабуылға жауапты ретінде қарайды деген. Косово тәуелсіздігіне қарсылық танытқан серб көтерілісшілері Косовоны қолдаған Американың және батыстың бірқатар елшіліктерін талқандаған еді. АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Белградтағы үкімет АҚШ пен басқа да шетелдік елшіліктерді шабуылдан қорғау міндеттемесін алмады деп сынады.

«Олар дипломатиялық миссияларды қорғауға міндетті. Менің түсінуімше, оқиға болған жерде жеткілікті полиция болды немесе олар жағдайға қарай қажетті әрекет жасамады. Біз Сербия үкіметіне ашық білдірдік, біз мұндай енді қайталанбайды деп үміттенеміз», – деген Райс ханым.

Жұма күні АҚШ өз дипломаттарының қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында оларды Белградттан қайтарып алды.
XS
SM
MD
LG