Accessibility links

Өткен жылы бүкіл дүние жүзінде азық-түлік бағасы 40 пайызға дерлік қымбаттады


ЛОНДОН: БҰҰ-ның дүние жүзіндегі аштыққа қарсы күресетін Агенттігі азық-түлік бағасының қымбаттауы азық-түлік көмегін шектеуі мүмкін деп мәлімдейді. “Financial Times” газетіне берген сұхбатында Дүние-жүзілік азық-түлік бағдарламасының төрайымы Джозетт Ширан (Josette Sheeran) ондай шектеуге бармау үшін Агенттікке демеуші елдер мейлінше көп қаржы бөлуге тиіс деп атап көрсетті. БҰҰ-ның хабарлауынша, мұнай бағасының өсуі мен ғаламдық ауа райының жылынуы және азық-түлікке деген сраныстың артуы салдарынан өткен жылы азық-түліктің бағасы 40 пайызға дерлік көтерілді.
XS
SM
MD
LG