Accessibility links

Косовоның сербтерің тәуелсіздікке қарсы наразылығы 1 апта жалғасуда


МИТРОВИЦЕ: Сербия мен Косовоның арасындағы шекара бекетінде косовалық 19 полицей жарақат алды. Оларды Косовоның тәуелсіздігіне наразылық білдіру үшін жиналған сербтер таспен, шөлмектермен атқылады. Косово полициясының хабарлауынша, тас пен шыны шөлмектер тиелген жүк көліктеріне отырып шекараға Сербия жағынан келген 150-дей адам тіпті қантөгіске баруға әзір тұрды. Оларды қуып тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газды қолданып, НАТО-ның бейбітшілікті қорғау күштері көмекке келді. Митровица қаласында Косовоны мекендейтін 1 мыңға серб 1 апта бойы наразылық шарасын жалғастыруда.
XS
SM
MD
LG