Accessibility links

Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолының Қазақстан арқылы өтетін бөлігін жөндеуге 7,5 млрд доллар керек


Қазақстанның көлік және коммуникация министрі Серік Ахметовтың айтуынша Батыс Еуропамен Батыс Қытайды қосатын автожолдың Қазақстан арқылы өтетін 2500 шақырымын жөндеуден өткізу керек. Бұл туралы Астанада ақпанның 26 күні үкімет отырысында хабарланды. Жобаға 7,5 миллиард долларға жуық қаржы керек, дейді министр. Ал жоба сыншылары Қазақстан бюджетінің қаржысына жасалған жобаның Қытайлықтар үшін ыңғайлы болғанымен Қазақстанға тиімділі есептелмеген.

«Оңтүстік-Батыс» халықаралық көлік дәлізін дамыту үшін Батыс Еуропамен Батыс Қытайды қосатын автожол салынбақ. Қытайдың Ляньюньган мекенінен бастау алып Ресейдің Санкт-Петербург қаласында аяқталатын бағыт ұзындығы сегіз жарым мың шақырымға созылады деп көзделді. Жол Қытайдың Үрімші мекенін басып өтіп Ресей астанасы Мәскеуге дейін созылады. Әлбетте жолдың 2700 шақырымы Қазақстан арқылы, оның ішінде Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе қалалары арқылы өтуге тиіс, деп хабарланады. Қытайлықтар үшін бұл жол өз тауарларын Еуропаға жеткізуге ыңғайлы. Қазақстан үшін транзиттік түсімдермен жол жөндеуге ыңғайлы. Бірақ, қаржының едәуір бөлігі Қазақстан бюджетінен алынады. Бір бөлігі жеке меншік сектордан алынады. Бір бөлігі әлемдік банктерден қарызға алынады. Бірақ, Энергетика министрі Сауат Мыңбаевтың айтуынша бюджет қаржысына жасалған жобаның тиімділі тым жанама, сондықтан оның нақты есебі болу керек, дейді ол.

Қазақстанның көлік министрлігінің комитет төрағасы Замир Саиновтың айтуынша Қазақстан үшін бұл жол тиімді. «Біріншіден, транзиттік көлік салығы ел бюджетіне түседі. Көлік ең көп жүретін жолдың төрттен бір бөлігі ақылы болады. Мысалы 370 шақырымдық Алматы - Қорғас жолы ақылы болады. Екіншіден, жол жөнделеді», дейді ол. Жолдың жартысы бірінші категорияға жатқызылатын 4 жолақты болады. Екінші категория бойынша салынатын жолға 3 машина еркін сияды, деп хабарланады. Жергілікті экономистердің пайымдауынша сол жолмен қазақстандықтарда жүгін таси алады.

Көлік министрі Ахметовтың айтуынша осы бағытпен қазіргі теңіз жолына 45 тәулік кетеді темір жолмен 14 тәулік кетеді ал жаңа автожолмен жүкті 10 күнде жеткізуге болады, дейді ол. Және автожолмен Қазақстан арқылы тасымалданатын жүкті екі жарым есеге көтеруде болады, дейді министр. Жол бойындағы сервистік инфрақұрылым нысандарын салу жұмыстары анталандырылады. Ал, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов жол салу экономикаға тиімді болғанымен қоршаған ортаға кесірін тигізеді деген пікірін білдірді. Көлік министрлігінің комитет төрағасының айтуынша бұл жоба шеңберінде жаңадан жол салынбайды, тек бұрыңғы жолдар кеңейтіледі. Ал, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов ақылы жолға балама болатындай автожол салынады ма деген сұрақ қойды.

Көлік министрінің айтуынша автожолдан басқа теміржол бар және автобуспен жүруге болады. Және көлік министрлігінің комитет төрағасы Замир Саиновтың айтуынша жобаны қиындата берсе жоба мерзімі созылып кетеді.

Премьер Кәрім Мәсімовтың айтуынша халықаралық дәлізге түскен автомашиналарға елге енгізілетін жанар-жағар майға заң бойынша шектеу қою керек, сонда жол бойындағы жанар-жағар май құятын стансаларға салық салу арқылы автожолдың күтімі мәселесін шешуге болады, дейді ол.

Осы уақытқа дейін жолдың 500 шақырымға жуығы жөнделді. Құрылыс жоспар бойынша 2012 жылы аяқталуға тиіс. Жоба авторларының айтуынша бұл дәліз арқылы Ресеймен Қытайдың сыртында Оңтүстік Азия елдерінеде жетуге болады. Ал бұл саудаға өте тиімді, дейді сарапшылар.
XS
SM
MD
LG