ВАШИНГТОН: Ақ үйде өткізген баспасөз-маслихатында АҚШ президенті Дж.Буш өзінің Ресей президентіне үміткер Д.Медведевті жақсы танымайтынына қарамастан, Ресей мен АҚШ-тың жаңа басшылары да өзінің В.Путинмен арадағы сенімге толы қарым-қатынасындай қатынаста болғаны маңызды деп санайтынын мәлімдеді.
«Менің орныма Ақ үйге кім келсе де, ол адамның Ресейдің сыртқы саясатын жүргізетін кісімен қоян-қолтық іс атқаруға қабылетті болғанын көргім келеді. Бұл біздің мүддеміз үшін маңызды. Бірақ бұл біз Ресеймен барлық мәселе бойынша келісеміз деген сөз емес», - деп атап көрсетті Дж.Буш.