ВАШИНГТОН: Ресми Вашингтон Косовоны бөлуге түбегейлі қарсы. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Н.Бернс осылай деп мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, дүниежүзі елдерінің көпшілігі осындай көзқараста. Одан бұрын Еуропа Одағының Косоводағы өкілі Питер Файт келешекте Косовоның бөлінуін теріске шығарды және Сербия мен Косоводағы серб қауымдастығының арасындағы тығыз байланыс сақталады деп атап көрсетті. Сонымен қатар кеше Венада Косово мәселесі бойынша халықаралық топтың бірінші мәжілісі болып өтті. Оған Косовоның тәуелсіздігін қолдаған 15 елдің өкілдері қатысты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі