Accessibility links

Тәліптер Ауғанстанда екі телефон мұнарасын қиратты


Тәліп жаугерлері Ауғанстанның оңтүстігіндегі екі телекоммуникация мұнарасына шабуыл жасаған. Ресмилердің хабарлауынша, тәліптер Кандағар қаласындағы телекоммуникация станциясының мұнарасын өртеп, Сангин ауданындағы екінші мұнараға да зақым келтірген. Тәліптердің баспасөз өкілі өткен аптада егер мобил компаниялары өздерінің сигналдарын түн мезгілінде өшірмесе, мұнараларды жарып жібереміз деп ескертілгендігін айтқан. Тәліптер АҚШ және басқа шетелдік жасақтар мобил сигналдарын біздің ізімізді кесу үшін пайдаланып отыр деп мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG