БҰҰ-ның адам хұқтары мекемесінің жетекшісі Луиза Арбур 8 адам қаза тапқан қақтығыстардан кейін Армения басшыларын салқынқандылыққа шақырып, орын алған оқиғаларға қатысты алаңдаушылық танытты. Төтенше жағдай тәртібі енгізілген Ереванға ОБСЕ ұйымының және Евродақтың арнайы өкілдері жіберілді. Соңғы деректерге қарағанда, президент Роберт Кочарянмен Евродақтың сыртқы саясат жетекшісі Хавьер Солана телефон арқылы сөйлескен. Оппозиция Арменияда жақында өткен президенттік сайлаудың қорытындыларымен келіспей, оған қарсылық танытуда.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?