11 жылдан 19 жылға дейін сотталған 23 пен 35 жас аралығындағы 15 адамға Қазақстан қылмыстық кодексінің 9 бабы бойынша айып тағылды. Атап айтқанда, «террорлық топ құрды және оған жетекшілік етті», «терроризмді насихаттап, бұқараны төңкеріс жасауға үндеді», «Қазақстан территоиясында террорлық әрекет жасамақ болды» деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Сот мәжілістері жабық жағдайда Шымкенттегі тергеу абақтысының ғимаратында өткізілген. Сотталған Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарының 15 тұрғыны Салафиттер ұйымының «Ислам жихады» қанатының мүшелері деп хабарланды. Алайда бұл топтың Қазақстанның тұтастығын бұзуға, конституциялық құрылымын құлатуға қандай әрекеттер жасағандығы туралы нақты деректер айтылған жоқ.
Сотталған азаматтар туралы ақпараттың тым мардымсыз екендігіне назар аударған адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтис:
«Менің пікірімше, осындай экстремизм, терроризмге қатысты сот процестерінің жабық өтуі озбырлықтың орын алуына жол ашатын сияқты. Соттың кейбір отырыстарын жабық өткізу керек шығар, ал сот процесін бастан-аяқ жабық жүргізу дұрыс емес деп ойлаймын. Өйткені мұндай соттарға қоғам бақылау жасай алмайды. Сол себепті бұл жерде шынымен террорлық қауіп болды ма, бұл адамдарды шынымен заң шеңберінде айыптап соттады ма деген сауалдар туындайды», - дейді.
Ресейлік адам құқығын қорғаушы Виталий Пономарев бұдан бұрын «Азаттық» радиосына берген сұхбатында жоғарыдағы 15 азаматтың 1-еуі Өзбекстан азаматы екендігін айтқан болатын. Ал Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының хабарламасында бұл туралы ештеңе айтылмады.
Адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтис сотталған 15 адамның 1-еуі Өзбекстан азаматы екендігін растады.
Кейбір сарапшылар үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан, діни экстремизм қаупіне қарсы күрестің барысына сыни пікір білдіреді. Солардың бірі сарапшы Қаһарман Қожамберді былай дейді:
- Мен 10-15-тен ұстап алып соттау дұрыс емес деп ойлаймын. Бұл жерде қоғам арасында террорлық ұйымдардың қауіптілігі туралы ақпараттық насихат жұмыстары жүргізілуі керек. Қазақстан діни терроризм ұйымдары көбірек шоғырланған Ауғанстан, Пәкістан сияқты елдерге жақын орналасқан. Ол жақтан қауіп бар. Бұл жерде Қазақстанның діни басқармасы идеологиялық жұмыстарды күшейтуі керек. Ал Қазақстанның әр түпкірінде террорлық әрекет жасамақ болды деген күдікпен ұсталған діни ұйым мүшелері сотталып жатқандығы еміс-еміс естіліп жатыр. Соған қарамастан бүгінде олардың қатары көбейіп отыр. Бұл жақсы құбылыс емес. Бір жағынан бұл тек насихат жұмыстарына байланысты емес. Бұл жерде әлеуметтік мәселенің де әсері болуы мүмкін. Біздегі 16 мен 30 жас аралығындағы жастардың көбі жұмыссыздыққа кезігіп отыр. Мысалы, оңтүстік өңірде адам көп, жұмыс орны аз. Қазір су басып жатыр. Одан басқа да қиыншылықтар көп. Осындай сәттерде олар басқа мақсаттағы діни ұйымдар қатарына оңай кіріп кетеді, - дейді Қаһарман Қожамберді.