Accessibility links

Әлем жетекшілері Дмитрий Медведевті Ресей президенті болып сайлануымен құттықтауда


Дегенмен аса бір қатты құптау мен қолдау білдіріліп жатқан жоқ. 2 наурыз күнгі сайлауда В.Путиннің ізбасары Д.Медведев 70 процент дауыспен жеңіске жетті. Ақ үйдің баспасөз өкілі Вашингтон келешекте Медведевпен бірлесе жұмыс істеу жолдарын қарастыруда деді. Алайда Батыс бақылаушылары қызметінің жетекшісі, Андреас Гросс Ресей президенттік сайлауының қорытындысы әділетсіз болды деп сынады. Кеше Мәскеуде полиция Медведевтің жеңісіне наразылық білдірген бірақтар шерушілерді тұтқынға алған.
XS
SM
MD
LG