Жексенбі күні Колумбияның әскерлері Эквадор территориясына рейд жасағаннан кейін, шекараға жасақтарын орналастырған Венесуэла мен Эквадор Колумбиямен дипломатиялық қарым-қатынастарын үзген болатын. Шабуыл барысында Фарк көтерілісшілер тобының бір жетекшісі қаза тапқан-ды. Дж.Буш Колумбия президенті Алваро Урбимен телефон арқылы сөйлесіп, Вашингтон аймақты тұрақсыздыққа бастайтын агрессиялық қимылдарға қарсылық білдіреді деп айтқандығын хабарлаған.